Саудия патшалығы мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуіне ықпал етті

ӘР-РИЯД: Сауд Арабиясының мұнай өндірісін ұлғайтуға уәде беруінен кейін мұнай шикізатының әлемдегі бағасы біршама төмендеді. АҚШ-та көмірсутегінің 1 баррелі 0.5 пайызға арзандап, 134 долларға дейін түсті. Оның қарсаңында Сауд Арабиясында өткізген келіссөзінен кейін БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун бүкіл әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы болып табылатын Саудия патшалығының мұнай экспортын тәулігіне 9,7 млн. баррельге дейін ұлғайтуға әзір тұрғанын мәлімдеді.