Ауғанстанның оңтүстігінде коалиция күштерінің бес жасағы қаза тапты

Бұл жөнінде АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштерінің жетекшілері хабарлады, бомба жарылысында сондай-ақ 6 әскер жарақат алған. Пактика өлкесіндегі тағы бір жарылыста бір поляк жасағы мерт болып, төрт әскер жараланған. Ал Пәкістанмен шекаралас жатқан Хост провинциясында тәліп командирлері мен бүлікшілерге қарсы әуе шабуылдары жүргізілуде. Каписа провинциясында бірнеше бүлікші қамауға алынған.