Француз президенті Палестина мемлекетінің құрылғанын қолдайды

ТЕЛЬ-АВИВ: Ресми сапармен Израильде жүрген Франция президенті Н.Саркози Палестина мемлекетін құруға шақырды. Саркози Израиль үкіметімен келіссөз өткізуде. Бүгін ол Израиль парламенті – Кнессетте сөз сөйлеуге тиіс. Ертең француз лидері Иордан өзенінің Батыс жағалауына барып, Палестина автономиясының төрағасы М.Аббаспен келіссөз өткізеді.