Үлкен сегіздік жетекшілері Жапонияға жиналуда

Әлемдегі қуатты да дәулетті сегіз елдің басшылары Жапонияда өтетін үшкүндік саммитте әлемде мұнай мен азық-түлік бағасының өсіп бара жатқаны төңірегіндегі мәселелерді талқылайтын болады. Басқосу Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралында өткізіледі, қазір полиция аймақтағы қауіпсіздікті нығайту шараларын қарастыруда. Сенбі күні Саппоро қаласында төрт шеруші тұтқынға алынды.