Ирақтағы жанкештілік бомба жарылысында кемінде екі адам құрбан болды

Полицияның айтуынша, Бақуба қаласында бомба жарған жанкешті әйел өзінен басқа екі адамның өмірін алып кеткен. Оннан астам адам жараланған. Әл-Қаида әйелдерді жанпидашы ретінде пайдалануды кең қолдана бастады. АҚШ әскерилері осы жылдың өзінде Ирақта жанкештілік бомба шабуылын жасаушылардың арасында 20-дан астам әйел болды дейді.