Сербия парламенті жаңа үкімет құрамына дауыс беруге жиналды

Сербия заң шығарушылары Батысшыл демократиялық және Социалистік партиялардың жаңа коалициялық үкіметіне дауыс беретін болады. Парламент алдында сөйлеген сөзінде премьер-министрлікке ұсынылған Мирко Цветкович үкіметтің басты стратегиялық міндеті - елдің Евордаққа тезірек қабылдануын қамтамасыз ету, Косово аймағының экономикасын нығайту деп атап көрсетті.