Теһран орта және алыс қашықтықтағы зымырандар сынағын өткізді

Иран бұл сынақтың Батыс пен Израилдан төніп тұрған қауіпке жауап ретінде жасалды деп айтқан. Мемлекеттік теледидардың хабарлауынша, сынақтан өткізілген зымырандар қатарында 2 мың шақырымға дейін жететін Шахаб-3 зымыраны да болған. Зымыран сынағы "Ұлы Пайғамбар-3" деп аталатын әскери жаттығулар шеңберінде өткізіліп, жаттығудың нақты қай жерде болғаны хабарланбаған. Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі пікірталастардың қазір ширығып тұрған мезгілі.