Қырғызстанда бір адам күйдіргі дертінен қаза болды

Жалалабад облысының Созақ аудандық ауруханасына күйдіргі ауруы деген диагнозбен жеткізілген 78 жасар Жаныбеков деген азамат кеше көз жұмған. Қырғыз мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық орталығының мәліметіне қарағанда, облыстық ауруханаға тағы алты адам түскен. Созақ аудандық ауруханасындағы төрт адамның да диагнозы осындай. Бұдан бір апта бұрын Қазақстанның оңтүстік аймағында күйдіргі ауруы деген күдікпен бір адам қайтыс болған еді.