Ресейде 13 жасөспірім жеккөрушіліктен адам өлтірді деп айыпталуда

Ресейде жеккөрушілік негізінде екі адамды өлтірді және тағы 10 адамды өлтірмекші болды деген айыптар бойынша 13 жасөспірім сотқа тартылып отыр. Мәскеу сотының хабарлауынша, айыпталушылар Орталық Азия мен Кавказ азаматтарын өлтіруге бағытталған топты ұйымдастырған. Прокурорлардың айтуынша, бұл топ шабуылдар туралы материалдарды ұлтшыл интернет форумдарында жариялаған.