Британия Ирақтан кей сарбаздарын шығармақшы

2009 жылы кей Британия күштері Ирақтан шығарылатын болады. Британия премьер-министрі Гордон Браунның мәлімдеуінше, Ирақ армиясы мен полиция қызметкерлерінің жаттықтырылуы аяқталып, келесі жылы Ирақтағы ағылшын әскерлерінің саны азаяды. Қазір Ирақта Британияның 4100 әскері бар.