Батыс Қазақстанда ірі көлемде есірткі тасымалдаушылар ұсталды

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 22 шілде күні Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым-авто» бақылау бекетінде 13 кг героин мен 20 кг гашишті жеңіл автокөлікке жасырып тасымалдап бара жатқан Қырғызстан азаматын қолға түсірген. Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл есірткіні Ауғанстаннан Қазақстан арқылы Ресей Федерациясына жолдаған деп күдіктелген қырғызстандық тағы бір азамат ұсталған.