Ауғанстан полициясын кәсібилендіру үшін 2300-дей жаттықтырушы қажет

Генерал Роберт Кон журналистерге Кабул мен Вашингтон арасындағы видеобайланыста Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік күштерін жаттықтыру үшін әлі де 2 мыңнан астам жаттықтырушы керек деп мәлімдеген.
Ауған қауіпсіздік күштерін жаттықтыру ісіне 15 елдің өкілдері жұмылдырылған.

Генералдың айтуынша, Канада, Германия және Нидрланды Ауғанстан күштерін жаттықтыру ісіне қатысуларын кеңейте түспекші.