Қытайда мешіттің құлауынан кемінде 7 адам құрбан болды

Қытайдың солтүстік-батысында салынып жатқан бір мешіт құлап, кемінде 7 адам қаза тапты. Ресми Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қалған адамдар үйіндінің астында қалып қалған болуы мүмкін. Халқының басым бөлігі мұсылмандар болатын Кингай өлкесіндегі бұл оқиғаға байланысты тергеу ісі басталып кетті.