АҚШ Ирақтағы шабуылдарды айыптады

Ақ үй Ирақта орын алған жанкештілік шабуылдарды айыптап, ирақтықтарды тыныштыққа шақыруда. Бұл туралы АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз-хатшысы Гордон Джондро хабарлады. Дүйсенбі күні Ирақта болған үш жарылыстан кемінде 50 адам қаза тауып, 200-ге жуық адам жараланған болатын.