Иранда ақпарат агенттігінің бұрынғы басшысы қамалды

Теһран соты ақпарат агенттігінің бұрынғы басшысын үш айға түрмеге жапты. Студенттердің ИСНА агенттігінің хабарлауынша, ИЛНА ақпарат құралының бастығы болған Массуд Хейдариге “жалған хабар таратты” деген айып тағылып, айыппұл салынды. Иран еңбек партиясының бұл ақпарат бөлімі президент Махмұд Ахмадинежад туралы сыни мақалалар жариялаған болатын.