Қазақстанның кейбір аймақтарында аптап ыстық болады

Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі, ауа райын болжау мекемесіне сілтеме жасап, 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарында +40-45 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін екенін хабарлап отыр. Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға аталған кезеңде алыс сапарға шықпай, күн сәулесі астында ұзақ уақыт болмауды және суға түскенде сақ болуды ескертеді.