АҚШ әскери қолбасшысы Душанбеде келіссөз өткізді

Құрама Штаттардың Орталық әскери қолбасшысы қауіпсіздік келіссөздерін өткізу үшін Ауғанстанмен шекаралас Тәжікстанға барды. Онда Тәжік президентімен кездескен генерал-лейтенант Мартин Демпсей Ауғанстандағы апиын саудасы туралы да сөз қозғады.
Өткен жылы АҚШ Тәжікстанға ауғанмен шекаралас таулы аймақтардағы қауіпсіздік жағдайын жақсарту мен керекті жабдықтарды алуға 20 млн. доллар бөлген.