Ресей ресмилері Кубада келіссөздер өткізді

Ресей вице-премьері Игорь Сечин Куба астанасы Гаванада президент Рауль Кастромен келіссөздер өткізді. Кубалық ақпарат көздері хабарлағандай, бұл кездесуге сондай-ақ Ресей Қауіпсіздік қызметінің хатшысы Николай Патрушев, Федералдық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы да қатысты.
Өткен аптада Қорғаныс министрлігі АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесі жоспарына жауап ретінде Ресей Кубада бомбалаушы авиация базасын орнатпақ деген хабарды жоққа шығарған болатын.