АҚШ Иранға қарсы санкцияны қатаңдатудан басқа жол жоқ деп есептейді

Кеше АҚШ-ң БҰҰ-дағы миссиясының өкілі Ричард Грэнелл мәлімдегендей, уран шикізатын байытуды доғару сынды халықаралық қауымдастықтың талабын орындауға Иранның құлықты еместігі аныққа шықты. -Ендігі жерде,- деп атап көрсетті АҚШ дипломаты,- БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға қарсы санкциясын қатаңдатудан басқа жолы қалмады. 
Одан бұрын Иран президенті М.Ахмадинеджад өзінің ядролық бағдарламасына келгенде Теһранның есе жібермейтінін, бірақ Батыспен келіссөзге әзір екенін мәлімдеді.