Қазақстан президенті Моңғолия мен Қытайға барады

Тамыздың 6-7 күндері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Моңғолияға барады, деп хабарлады дүйсенбі күні ҚР сыртқы істер мекемесінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев. Сапар кезінде қос мемлекеттің басшылары бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойып, Назарбаев қазақ-моңғол бизнес-форумына қатысады. Ал тамыздың 7-10 аралығында Назарбаев Қытайға барып, ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаомен кездеседі, сондай-ақ Бейжіңде басталатын жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады, деді Е.Ашықбаев.