Ресейде құлдыққа салынған өзбектер босатылды

Самара қаласы жергілікті полициясы мен қауіпсіздік күштерінің рейді кезінде олар босатылды. Жұмыс іздеп келген 40-тан аса өзбек азаматының төлқұжаттарын тартып алып, кондитер фабрикасы басшылары оларды аз жалақымен, мәжбүрлеп жұмысқа салған екен. Ресейге заңсыз енгендері үшін айып салынып, олар елдеріне қайтарылмақшы.