Хиросима жарылысына 63 жыл

Бүгін Жапонияның Хиросима қаласы әлемдегі бірінші бомба жарылысының 63 жылдығын атап өтті. Құрбан болғандарды еске алу шарасына премьер министр Ясуо Фукудомен бірге 45 мыңдай адам жиналды. Олар 1945 жылы АҚШ-ң қуатты бомбасы қас-қағым сәтте 140 мың адамды жалмаған қаралы күнді еске алып, үнсіз тағзым етті. Сонымен қатар бұл жарылыстан ондаған мың адам радиациялық зеңнен зардап шекті.