Оңтүстік Осетияға тағы да оқ атылды

Бүгін аталған жікшілдік аймақтың ауылдары мен орталығы Цхинвали тағы да Грузия тарапынан ірі калибрлі зеңбіректердің нысанасына айналған. Аймақ басшысы осыдан бұрын ресми Тбилисимен тікелей сөйлесуден бас тартқан болатын. Бейсенбіде тараптар арасында ешқандай кездесу болмайды деді Оңтүстік Осетия басшысы Едуард Кокойти.