Бейжіңде Олимпиада салтанаты басталды

Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Бейжің Олимпиадасында спорттың 22 түрі бойынша 131 лицензияға ие.

Бейжіңдегі ХХІХ-ыншы жазғы Олимпиада ойындарының дәл осы сағаттарда басталған ашылуы салтанатын 80 мемлекеттің саяси басшылары мен патшалары, оның ішінде АҚШ президенті мен Ресей премьер-министрі Дж.Буш және В.Путин, Қазақстан президенті Н.Назарбаев қызықтауда. 2008 жылдың 8-ші айының 8-і күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағ. 8-де басталған ашылу рәсіміне мыңдаған спортшы мен өнер шебері қатысуда. “8” саны Қытай үшін “қаситетті сан” болып есептеледі.

Қытай жерінде алғаш рет өткелі отырған Олимпиадаға әлемнің 203 елінен он жарым мыңнан астам спортшы қатысып, спорттың 41 түрі бойынша бақталастырмақшы.
Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Бейжің Олимпиадасында спорттың 22 түрі бойынша 131 лицензияға ие.
Бейжің Олимпиадасында бақ сынайтын Қазақстан спортшыларының құрамы биылғы жылы бірінші рет барлық аймақтардың өкілдерінен жасақталған.

Қазақстан үкіметі Олимпиада жүлдесін алған спортшылар мен олардың бапкерлері үшін ақшалай сыйлықтар: 1-орынға – 250 мың доллар, 2-орынға – 150 мың доллар, ал үшінші орын үшін – 75 мың доллар тағайындап отыр. Сонымен бірге, төртінші, бесінші және 6-шы орын алғандар да қаржылай сыйлықтан құр қалмайды.
Олимпиада ойындары 24 тамызға дейін жалғасып, 200 елден 11 мыңға жуық атлет спорттың 28 түрінен бақ сынайды.