Ауғанстанның оңтүстігінде 25 тәліппен қатар бейкүнә тұрғындар қырылды

Ауғанстанда коалициялық күштердің әуе соққысынан кем дегенде 25 тәліптің көзі жойылып, тағы 8 бейбіт тұрғын мерт болды. Коалициялық күштердің басшылығы хабарлағандай, тұрғын үйлерді паналаған тәліптер әскерге оқ жаудырған. Оған есе қайтару үшін коалициялық әскер әуеден соққы берген. Бұл қақтығыс Ауғанстанның оңтүстігіндегі Урузган облысында болды.