Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен, облыс орталығы - Өскемен қаласына жаңадан әкім болып Темірбек Қасымжанов тағайындалды. Ол осыған дейін облыстық құрылыс басқармасының бастығы болып істеген. Ал қаланың бұрынғы әкімі Шәкәрім Бұқтыгүтов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.