Иордан патшасы арабтарды Ираққа көмектесуге шақырды

“Ирақтың мықты болуы- Араб әлемінің нығая түсуінің бұлағы”,- деді патша Абдулла Ирақ үкімет басшысы Нури әл-Маликимен кездесуі кезінде. 
Саддам Хусейн биліктен кетірілгелі бері Ирақ жеріне келген алғашқы араб басшысы осы Абдулла болып отыр. Ираққа келетін Иордан елшісі де тағайындалды.