К.Райс АҚШ-тың Грузияны қолдайтынын айтады

Бүгін Тбилисиде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс грузин президенті М.Саакашвилиге жолығып, ресми Вашингтонның Ресеймен арадағы жанжалында Грузияны қолдайтынын тағы да растайды.
К.Райс Тбилисиге француз президенті Н.Саркозимен келіссөз өткізген Парижден ұшып барды.
Осы аптаның басында Н.Саркози Грузия мен Ресей арасындағы қақтығысқа мәмілегерлік жасап, бітімге жеткізген болатын.
Бейсенбі күні К.Райс: “Біз толығымен территориялық тұтастығын, тәуелсіздігі мен егемендігін құрметтейтін Грузияның бірқалыпты тіршілігіне оралатын мүмкіндігі болуы керек," деп мәлімдеді.