Ауғанстандағы жарылыстан 10 полицей мерт болды

Ауғаныстанның Қандағар уәлаятындағы жол бойына қойылған бомба жарылысынан 10 полиция қызметкері қаза тапты. Аймақтық полиция басшысы құрбан болған полицейлер сенбі күні Шах Вали Кот ауданында күзетте жүргенде жол бойындағы бомбаға түскен деп отыр. Бұл шабуылды кімдер ұйымдастырғаны әлі мәлім емес. Десе де, полиция басшысы талибандарды кінәлап отыр. Талибан жасақтары нашар жабдықталған ауған полициясына қарсы шабуылын күшейтіп отыр.