Қазақстан Iшкі істер министрлігінің есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы қызметіне полиция полковнигі Асқар Қалидолдаұлы Исағалиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі. Ол бұрын Қызылорда облысы İшкі істер департаментінің бастығы лауазымын атқарған.