Мәскеу мен Тбилиси бақылаушы турасында келісті

Мұндай хабарды Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы жариялады. Сондай-ақ алдағы күндерде 80-нен аса әскери бақылаушыны онда жөнелту жоспарланып отыр. 
Ұйым Грузия мен Ресей арасындағы қақтығыстың тоқтатылуына бақылау жасау үшін 100-дей сарапшының Грузияға баруына рұқсат алуға әрекет етуде. Қазір аталған ұйымның Грузияда 8 әскери бақылаушысы бар.