Ауғанстанда 10 талибан өлтірілді

Ауғанстанның солтүстік шығысындағы уәлаят басшылары хабарлағанындай, аймақтағы АҚШ бастаған күштер мен тәліп жауынгерлері арасында бүгін болған шайқас кезінде 6 талибан өлтірілген. Коалиция өкілінің айтуынша, одақтас күштер өздеріне шабуылдаған бүлікші топқа жауап оқ атқан. Осы тұста НАТО әскерилері таратқан мәлімдемеде Хелманд уәлаятындағы қақтығыстан 4 талибан жауынгері өлтірілді деген мәлімет келтіріліп отыр.