Ресей автономиялар тәуелсіздігін мойындауы мүмкін

Бүгін Ресейдің Федерация кеңесі Абхазия мен Оңтүстік Осетияның өз тәуелсіздіктерін мойындау туралы Ресей президенті Дмитрий Медведевке жолдаған өтінішін бірауыздан қабылдады. Үндеуде Ресей президентінің Абхазия мен Оңтүстік Осетияға байланысты саясатын Федерация кеңесінің тұтастай қолдайтыны айтылады.
Бұл үндеу Федерация кеңесінің кезектен тыс мәжілісінде қабылданды.
Бүгін Ресей парламентінің қос палатасы – Мемлекеттік дума мен Федерация кеңесі өздерінің төтенше отырыстарында Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздіктерін мойындау мәселесін талқылады.