Косовода бірнеше адам жараланды

Косово полициясының айтуынша, Митровица қаласында этникалық албандар мен сербтер арасындағы кеше кешкілік болған қақтығыста кем дегенде 4 адам жарақат алған. Олар бір-біріне тас лақтырып, тіпті мылтық даусы да естілген. Жергілікті полиция мен БҰҰ полициясы жанжалды тоқтатты.