БҰҰ-дағы Ресей, АҚШ өкілдерінің айтысы

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Кавказдағы дағдарысты талқылау барысында Ресей мен АҚШ-тың өкілдері бір-бірін айыптады. АҚШ-тың елшісі Алехандро Волфф Ұлттар Ұйымына мүше бір елдің екінші елге күш қолдануы немесе қауіп төндіруі ұйымының жарғысына қайшы келеді деп мәлімдесе, Мәскеудің өкілі Виталий Чуркин АҚШ-тың 2003 жылы Ираққа басып кіргенін еске түсіріп, АҚШ-ты “екіжүзді саясат жүргізеді” деп айыптады.
Өз кезегінде Грузия өзінің Ресеймен арадағы қақтығысына халықаралық тергеу жүргізуді ұсынды.
Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Абхазия мен Оңтүстік Осетия өкілдерін тыңдаған да жоқ.