Вашингтон мен Мәскеу арасы ушыға түсті

Өткен айдағы Ресейдің Грузияға шабуылынан бері АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынастары шиеленісіп, бір-бірін кінәлауы жалғасып жатқандығы белгілі.

Сенбі күні Ресей президенті Дмитрий Медведев АҚШ-ты Грузияға гуманитарлық көмек жүгін жеткізуге әскери кемелерді пайдалану арқылы Мәскеуді арандатып отыр деп айыптады.

Ал АҚШ вице-президенті Дик Ченей бұрынғы советтік республикалар, оның ішінде Грузияға сапарынан кейін Италияда сөйлеген сөзінде Ресейге қорқытып-үркітудің ескі әдіс-тәсілдеріне барды деген айып тақты.