Чейни Италияда Грузия дағдарысын талқылады

Бүгін АҚШ вице-президенті Дик Чейни Италияға барған болатын.
Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттини келісссөздер барысында АҚШ - Еуропа ынтымақтастығын нығайту тұрғысында тілектер айтылды деп атап көрсетті.

Чейни мен Фраттини Ресей газы мен мұнайына Еуропаның тәуелділігі жайында, сондай-ақ өткен айдағы Ресей – Грузия қақтығысынан кейінгі дағдарыс турасында талқылады.

ЕуроОдақ газ бен мұнайға тәуелділікті азайту мәселесін келесі айдағы басқосуда талқыламақшы.
Фраттинидің айтуынша, Чейни ол кездесуге Грузия, Әзірбайжан мен Арменияны шақыру туралы ұсыныс жасаған.