Қарағандының оқу орындарындағы тағамдар тексеріледі

Қарағандының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі облыстағы барлық оқу орындарындағы тағам және ауыз су сапасына тексеру жүргізбек. Қыркүйектің 5-і күні қаладағы №25 орта мектептің асханасында түскі ас ішкеннен кейін денсаулығы нашарлап дәрігерлердің көмегіне жүгінген 7 оқушының ішек инфекциясына шалдыққаны анықталып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.