Израиль Иран президентін "ұрламақшы"

Иран Израилдың президент Махмуд Ахмадинежадты  ұрлап алып кетіп, Ислам республикасына соққы беру қаупін төндіріп тұрғаны туралы БҰҰ-на хат жолдады.
Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунға жолдаған хатында Иранның елшісі Мохаммад Хази Израилден төнген осы қатерге “табанды да анық жауап” беруді талап етті. Хатта Иранның кез-келген шабуылға есе қайтарудан қаймықпайтыны айтылады.
Оның алдында Израиль үкіметінің мүшесі Раф Эйтан Ахмадинежадты ұрлап, оны соғыс қылмыстарын қарайтын халықаралық трибуналға тапсырған “дұрыс болады” деп мәлімдеген болатын.