Рим папасы Францияда

Папа Бенедикт 16 Францияға барды. Бұл - Рим Католик шіркеуі басшысы болғалы бергі папаның Францияға жасап отырған алғашқы сапары. Президент Николя Саркози мен әйелі Карла құрметті қонақты әуежайда қарсы алды. Бенедикт 16 төрт күндік сапары кезінде діннің қоғамдағы рөлі жөнінде баяндамақшы.