Құрылыстағы апаттан бір адам жапа шекті

Астанада құрылыстағы көтергіш кранның құлауы салдарынан 1 жұмысшы жарақат алды.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз-қызметінің хабарлауынша, қаланың Алматы ауданындағы Украина ұлттық орталығының құрылысында көтергіш кран құлап түсіп, бағаналы кранда жұмыс істеп отырған “Крансервис” компаниясының 42 жастағы жұмыскері де құлаған.
Қазір жұмыскер ауруханаға жеткізілді.