“Исламға тіл тигізді” деген айыппен 2 адам жазаға тартылды

Ауғанстанда сот “Исламға тіл тигізді” деген айыппен бұрынғы журналист пен молданы 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы жазаға кесті.
Дін қайраткерлері мен ауған парламентінің депутаттары осы екеуінің Құран-кәрімді дари тіліне аударған нұсқасынан көп қате тауып және оларды гомосексуализм мен ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көзіне шөп салуы туралы түсініктерді бұрмалады деп айыптады.
Адам құқын қорғаушылар сот билігінің үкіміне наразы болып, президент Хамид Қарзайды сотталғандардың тағдырына араша түсуге шақырды.