Америкада теміржол апатынан 17 адам мерт болды

Соңғы мәлімет бойынша, АҚШ-тағы теміржол апатынан кем дегенде 17 адам қаза болып, 135 кісі жараланды.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, жұма күні кешкісін Лос-Анжелес қаласына жақын маңайда 200-ден астам адамы бар жолаушы поезы мен жүк поезы қақтығысып қалды. Апаттың себебі әзірше белгісіз.
Аударылған вагондардың бірі өртенген.
Апат болған жерде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.