Алматыда KIOGE-2008 мұнай көрмесі өтеді

Қазақстандық "Мұнай және Газ" халықаралық конференциясы мен осы аттас көрме қазан айының 7-і мен 10-ы аралығында бизнес-астанада өткізілгелі отыр. Ұйымдастырушылардың пікірінше, конференция мен көрме ынтымақтастық бағыттарын кеңейтіп, мұнай-газ саласына инвесторларды көптеп тартуға ықпал етеді.
Өткен жылы көрме – конференцияға әлемнің 33 елінен 600 компания, 15 мыңға жуық маман қатысты деп мәлімдейді "ҚазМұнайГаз" ұлттық комапниясының өкілдері.