Пәкістан президенті Британияда

Пәкістанның жаңа президенті Асиф Әли Зардари бүгін Лондонда Британия үкімет басшысы Гордон Браунмен кездесті. Оның барысында қауіпсіздік мәселесі және лаңкестікке қарсы күрес жайы талқыланды. Ол сондай-ақ Британия сыртқы істер министрі Дэвид Милибэндпен де кездеспекші.