АҚШ елшілігі маңында 16 адам опат болды

Бүгін Йемен астанасы – Сана қаласындағы АҚШ елшілігі маңайында болған жарылыстар мен атыстан, соңғы ақпарға қарағанда, 16 адам қаза тапты.
Бұл мәліметті Йеменнің Қорғаныс министрлігі жариялады.
АҚШ елшілігі өз қызметкерлерінің ішінен ешкімнің жапа шекпегенін мәлімдеді.
Йеменде Әл-қаида тобының қатысуымен талай шабуыл, оның ішінде биыл АҚШ елшілігіне қарсы қастандық іске асырылды. Бүгінгі қастандықты Ислам джиһады тобы іске асырды.