Халық санағына дайындық жүріп жатыр

Алдағы жылы Қазақстанда өтетін халық санағын жүргізуге 40 мыңнан аса адам жұмылдырылады деп хабарлады бүгін Астанада осы мәселеге байланысты өткен жиында Статистика агенттігінің әлеуметтік демографиялық тіркеу департаментінің басшысы Әсия Қасенова. Оның айтуынша, елдегі үйлердің және халық санын анықтауға қатысты алдын-ала жұмыстар биылғы қазан айында басталады.

Қазақстанда кезекті халық санағы 2009 жылғы ақпанның 25-сі мен наурыздың 6-сы аралығында жүргізіледі. Бұған дейінгі санақ 1999-шы жылы өткізілген.