Ресей қор биржалары жұмаға дейін ашылмайды

Ресейдің қор биржалары жұмаға дейін жабық болады. Қаржы министрі Алексей Кудриннің хабарлауынша, қаржы базарларын тұрақтандыруға көмектесу үшін Ресейдің 3 ірі банкі шамамен қосымша 2 миллиард доллар алады. Сәрсенбі күні құнды қағаздардың бағасы күрт төмендеп кеткен соң Ресейдің негізгі қор биржасындағы сауда тоқтатылған еді. Елде енді 1998 жылы болған экономикалық дағдарыс қайталануы мүмкін.