Күдікті терезеден секіріп қаза тапты

Қыркүйектің 16-сы күні Алматыдағы Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының 5-ші қабатындағы бөлменің терезесінен секіріп кеткен азамат арада екі сағат өткенде қаладағы №12-ші ауруханада қайтыс болған. Полицияның хабарлауынша, әлгі адам сол күні көшеде тұрған автокөліктен ұрланған құжаттар мен ақша салынған портфельмен ұсталыпты. Қылмысқа күдікті ретінде жауап алу кезінде, ол тергеушіні беттен бір қойып, қолы кісендеулі күйінде терезеден қашып шығуға әрекет жасады дейді полицейлер.

Марқұм тергеу кезінде берген жауабында, Жамбыл облысынан Алматыға келген жұмыссыз екенін айтыпты. Қазір бұл оқиға бойынша полицияның қызметтік тергеуі жүріп жатыр.