АҚШ Таулы Қарабақ жанжалын шешу мәселесінде көмектесуге әзір

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасар көмекшісі Матью Брайза бұл жөнінде Бакуге келген сапарында айтты. Ол тамыздағы Ресей-Грузия жанжалына тоқтала келіп, Таулы Қарабақ проблемасын шешу қазір айрықша маңызға ие деді.